Бүгін Мәжілісте Қазақстанда тіркелген партия өкілдерінің кездесуі өтіп, отырыс барысында Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Кеңес құруды ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісте өткен жиынға «Adal», «Ақ жол», «Ауыл» партияларының және Қазақстан Халық партиясының, «Nur Otan» және ЖСДП өкілдері жиналды.
«Әрқайсымыздың алға қойған жоспарларымыз, міндеттеріміз, жұмыс жасау тәсілдеріміз әртүрлі болғанымен, мақсатымыз бір. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың елімізді дамыту бастамаларын қолдап, халқымыздың өмір сапасын жақсартуға ықпал ету, үлес қосу», деді отырыста Нұрлан Нығматулин.
- Осы жолда Мәжіліс әрқашанда қоғамдық ұйымдармен, тәуелсіз сарапшылармен, журналистермен ашық, қолжетімді және жария жұмыс істеп келе жатқанын алға тартқан Палата Спикері: -Мәжіліс жанынан партияаралық Кеңесті ұйымдастыруды ұсына отырып, біз, ең алдымен, парламенттік және парламенттік емес партиялардың диалогын кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктер ашқымыз келеді. Осы жаңа пікірталас алаңында әзірленетін талқылаулар, ұсыныстар, ұсынымдар заң шығару процесін одан да тиімді етуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз. Жалпы, біздің партияаралық кеңес аясындағы ынтымақтастығымыз өзекті мәселелерді шешудің тағы бір құралы бола алады, - деді.
Мәжіліс Спикерінің пікірінше, партияаралық кеңес консультативтік-кеңесші орган болуы тиіс. Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин депутаттық корпустың партия өкілдерінің қандай да бір заң жобалары бойынша жұмыс топтарының құрамына кіруіне мүдделілігін білдірді.
- Сіздің идеяларыңыз, ұсыныстарыңыз іс жүзінде жүзеге асырылуы керек. Біз бірлескен жұмысқа дайынбыз. Мұндай ынтымақтастық парламенттік емес партиялар үшін де пайдалы болады деп ойлаймын, - деді Мәжіліс Спикері кездесуге қатысушыларға арнаған сөзінде.
Отырыс барысында «Ауыл» патриоттық партиясы төрағаның бірінші орынбасары Т. Рахымбеков, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы А. Рахымжанов және «Adal» партиясының хатшысы Э. Жұмағазиев Мәжіліс Төрағасы ұсынған бастаманы қолдап, бұл Мәжіліс жұмысындағы жаңа бетбұрыс екенін айтты.
Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың көтерген тапсырмаларына, соның ішінде жаңа заң жобаларын әзірлеуге қатысты мәселелерге назар аударды.
- Біз партияаралық Кеңестің тұрақты жұмыс істейтін жұмыс алаңына айналуын қамтамасыз етуіміз керек. Онда ұсынымдар әзірленеді, содан кейін олар Парламенттегі заңнамалық процестің барлық сатыларында пайдаланылатын болады, - деді сөзін қорытындылаған Мәжіліс Төрағасы.
Көз тоймайтын коттедж қалашығы
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Руханият • Бүгін, 08:30
Жайылымдық жер де күтім тілейді
Қоғам • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Теміртау экологиясын оңалтуға назар аударды
Экология • Бүгін, 08:21
Мақсаты айқын, қалыптасқан, орнықты құрылым
Пікір • Бүгін, 08:15
Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан • Бүгін, 08:13
Пікір • Бүгін, 08:10
Қоғам • Бүгін, 07:57
Ғылым • Бүгін, 07:42
Абайдың қарасөздері – тәрбиенің қайнар көзі
Абай • Бүгін, 07:40
20 мыңға жуық тұрғын екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 07:39
Алтынсарин және Қостанай мектебі (Оның бастау арнасы – Троицк кездейсоқ таңдау емес)
Тарих • Бүгін, 07:35
Жастарды стартап жобалар қанаттандырады
Ғылым • Бүгін, 07:35
Руханият • Бүгін, 07:32
Руханият • Бүгін, 07:31
2020: Музейге қанша адам барды?
Руханият • Бүгін, 07:29
Ақындар мен суретшілер бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 07:27
Қоғам • Бүгін, 07:25
Арыздың көбі банк секторына тиесілі
Қаржы • Бүгін, 07:22
«Жас маман» жастарға жол ашады
Пікір • Бүгін, 07:20
Криптофермалардың қарасы көбейіп келеді
Пікір • Бүгін, 07:19
Әкімдер Парламентте есеп беретін болады
Парламент • Бүгін, 07:07
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Кеше
Ұқсас жаңалықтар