Тағайындау • 04 Наурыз, 2021

Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді

5 рет көрсетілді

2020 жылдың 31 желтоқсанында ҚР каратэ Федерациясының вице-президенті, ұлттық команда бас бапкері Жасталап Санауов өмірден өтті. Осыған байланысты Қазақстан каратэ федерациясының басшылық құрамында кадрлық өзгерістер орын алды деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Спорт және мәдениет Министрлігі және спорт Комитетінің бұйрығымен бұл қызметке Асқар Молдағали тағайындалды.

Асқар Молдағали спортшы ретінде халықаралық және республикалық жарыстарда үздіктер қатарынан көрінген, әлемдік деңгейдегі бапкер әрі төреші саналады. 2020 жылы ол Токио Олимпиадасында төрелік жасайтын қазылар тізіміне енген болатын.

«Ұстазымыз Жасталап ағаның өмірден өткені бізге қатты соққы болды. Бұл орны толмас өкініш. Өз жетекшімнің орнына келу арқылы жауапкершілік жүгінің ауырлай түскенін сеземін.  Сиханның басшы ретіндегі таланты өзі жоқта да байқалып жатыр. Өйткені, федерацияның жұмысын ол алдын ала ойластырып қоятын. Жасталап Әбдіқанұлының керемет жоспарларын одан әрі жалғастырамыз. Менің қазіргі таңдағы ең үлкен міндетім – біздің сиханның ізін жалғастыру», - дейді Қазақстан каратэ федерациясының вице-президенті Асқар Молдағали. 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар