Жобаның атауы – «Мектеп жасына дейінгі балалардың өлкетану іс-әрекетінде құндылық бағдарын қалыптастыру».
Студенттердің ғылыми жетекшісі – педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор м.а. Ақгүл Жұбандықова.
Айта кетейік, екінші Халықаралық педагогикалық оқулары аясында өткізілген «Үздік педагогикалық өнім – 2021» байқауы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау, Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру, білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру.