Бұл – Қазақстан құрамасы үшін 2022 жылы Бейжіңде өтетін Олимпия ойындары рейтингтік ұпай жинау үшін берілген үлкен мүмкіндік. Алғаш 8-9 наурыз күндері өтетін әлемдік додада фристайл-могул бойынша спортшылар өзара мықтыны анықтайды. Бұл сында ел намысын ерлерден Дмитрий Рейхерд, Павел Колмаков, Антон Бондарев және Сергей Романов қорғаса, әйелдер бәсекесінде Юлия Галышева, Аяулым Әміренова, Олеся Граур және Анастасия Городко сынға түседі.
Ал 10-11 наурыз күндері фристайл-акробатика бойынша өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасынан жуырда ғана АҚШ-тағы North American Cup турнирінде топ жарған Шерзод Хаширбаевтан бөлек, Роман Иванов, Ильдар Батрудинов, Жанбота Алдабергенова, Ақмаржан Қалмұрзаева және Аяна Жолдас өнер көрсетеді.