Қазақстан • 05 Наурыз, 2021

Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр

508 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл жыл басында Қазақстанда интернетке қолжетімді 16 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8% артық. Соңғы бес жылда көрсеткіш орташа есеппен жыл сайын 7,8% өсуде, деп хабарлады ranking.kz.

Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ондығында тұр

Елде интернетке қосылған абоненттердің саны бір жыл ішінде 5,1% өсіп, 2,6 миллион абонентке жетті. Осылайша, барлық сегментте интернетті пайдаланушылар санының айтарлықтай өсуі байқалады. Бүгінгі таңда Қазақстан халқын интернетпен қамту 99% құрайды. Сондай-ақ Қазақстанда мобильді интернеттің тарифтері салыстырмалы түрде арзан.

Әлемдік рейтингте Қазақстан интернеті ең арзан ТОП-10 елдің қатарына кіреді. Сонымен, 2020 жылы Қазақстан әлем бойынша 6-орынға ие болды. Елде 1 гигабайт интернет үшін орташа есеппен 0,46 АҚШ доллары төленеді. Рейтингте барлығы 228 елдегі баға зерттелген.

Егер Қазақстанда 20 гигабайт интернет үшін тұрғындар орташа есеппен 9,2 АҚШ долларын (3 840,4 теңге) төлейтін болса, көрші Ресейде – 10,3 доллар (4 299,6 теңге), Ұлыбританияда – 27,9 доллар (11 646,5 теңге), Германияда – 81,2 доллар (33 895,9 теңге), АҚШ-та – 160 доллар (66 789,8 теңге), Швейцарияда – 167, 5 доллар (69 920,7 теңге), Грекияда – 241,3 доллар (100 727,5 теңге).

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25