Абай мен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орналасқан метеостанцияның хабарлауынша, жауын-шашынның мөлшері 16 мм құрап, қар жамылғысының биіктігі 7 см болды.Түнде және таңертең жолда мұз байқалды.
Желдің күші 2 м/с құрады. Ауаның температурасы Цельсия көрсеткіші бойынша 0,2 градус болды. Нәтижесінде мегаполистің бірнеше аудандарында апаттық бұтақтар мен ағаштар құлады деген 8 ақпарат түсті.
Үш мекенжай бойынша Алматы қаласы Құтқару қызметінің жедел кезекшісінің ақпараты бойынша, 4 автокөліктің зақымдалуы тіркелді. Ағаштардың құлауымен жеке тұрғын үйдің аумағын су басу салдарын жоюға, Алматы қаласы Құтқару қызметінен 5 бірлік арнайы техника мен жеке құрамынан 17 адам жұмылдырылды.