Аймақтар • 06 Наурыз, 2021

«Қайрат» – қола жүлдегер

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Turkistan Arena» стадионында футболдан OLIMPBET-Қазақстан чемпионаты Суперкубок ойындарының жүлделі орны  үшін кезекті матч өтті. Алматының «Қайрат» командасы мен Қарағандының «Шахтер» футболшылары үшінші орын үшін күш сынасты.

«Қайрат» – қола жүлдегер

Тартысты өткен ойынның бірінші таймында екі команда алма - кезек шабуыл жасағанмен есеп ашылмады. Тек ойынның екінші кезеңінде дəлірегі, 52-минутта «Шахтердің» тəжірибелі ойыншысы   Пайруз Жан Али «Қайрат» қорғаушыларының қателігін ұтымды пайдаланып, қақпаға  допты тулатты. Есеп: 0:1.  Мұнан соң «Қайрат» командасының шабуылшылары ойын тактикасын күшейтті. Нəтижесінде, ойынның 64-минутында  Денис Поляков  есепті теңестірді. Көп ұзамай алаңда  сəтті шабуылдар ұйымдастыра алған  «Қайрат» ойыншылары есепті еселеді. Ойынның 88-минутында «Қайраттың» бразилиялық ойыншысы Вагнер Лав  оңтайлы сəтті пайдаланып, командаласына керемет пас шығарып берді. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеген Штрели Мамба  жеңіс голын соқты. Осы есепті ойын соңына дейін сақтап қалған  «қайраттықтар» футболдан Қазақстан Республикасының  Суперкубок ойындарының қола жүлдегері атанды.

 Алматылық футболшыларды  Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев  жеңістерімен құттықтап, қола медальді табыс етті.

 

 

Түркістан облысы