Аймақтар • 06 Наурыз, 2021

СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келе жатқан әйелдердің жарқын мерекесімен оларды СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев құттықтады.

СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады

Нәзік жандылар ерлермен бірге тәуліктік кезекшілік, жедел-іздестіру іс-шаралары, патрульдеу мен рейдтерге қатысып, уақытқа қарамай өз міндеттерін мінсіз орындап, барлық қиындыққа да қарсы тұра алатындықтарын дәлелдеді. Сонымен қатар сараптар мен талдауларды олар ұқыптылықпен, шыдамдылықтпен атқара алады. Үлкен ұжымжұмысының нәтижелі болуында олардың қосатын үлесі зор, - деп атап өтті облыстық полиция басшысы.

Салтанатты жиында Марат Төлебаев 35 қыз-келіншекті түрлі медалдармен, грамоталармен, төс белгілермен, алғыс хаттармен марапаттады. «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Динара Айтқожина, ІІМ Құрмет грамотасымен СҚО ПД госпиталі терапия бөлімшесінің меңгерушісі Елена Гофман марапатталды. Ал СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен Қаржымен қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Алтынай Қожабаеваның еңбегі атап өтілді.

Марапатталғандардың қатарында ішкі істер органдарының ардагер  қызметкерлері, офицерлердің зайыптары, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің жарлары болды.

Солтүстік Қазақстан облысы