Коронавирус • 08 Наурыз, 2021

Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 238 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz  Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, 6 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясынан жеті адам көз жұмған. Коронавирус белгісі бар пневмониядан төрт науқас қайтыс болған.
Қазіргі мәлімет бойынша 18 838 адам короновирус инфекциясынан (13 712 КВИ+ және 5 126 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 4 556 пациент стационарда, 14 282 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 238 адамның жағдайы ауыр;
• 60 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 38 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.