Қазақстан • 08 Наурыз, 2021

Мәулен Әшімбаев нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

21 рет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев фейсбук әлеуметтік желісінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Онда былай делінген:

Ардақты аналар, аяулы арулар!

 

Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – аналарымыздың, әпке-қарындастарымыздың және қыздарымыздың мерекесі. Сондықтан 8 наурызды мейірім мен сұлулықтың күні деп қабылдаймыз.

Әйелдер қауымы қашанда отбасының ұйытқысы және береке-бірліктің бастауы екені сөзсіз. Сіздер ұрпақ тәрбиелеу арқылы тұтас ұлтты тәрбиелейсіздер. Сол арқылы елдің болашағын қалыптастыруға тікелей үлес қосып келесіздер.

Тарихымызда қиын-қыстау кезеңдерде ел тағдырына араласып, даналық пен парасаттылықтың озық үлгісін көрсете білген аналарымыз да аз болған жоқ. Оған Домалақ, Қарашаш, Бопай сияқты аналарымыздың өнегелі өмірі айқын дәлел. Қазіргі таңда Қазақстан әйелдері осындай сара жолды лайықты жалғастырып келеді деуге толық негіз бар.

Шын мәнінде, бүгінде әйелдер қауымы отбасылық құндылықтарды сақтаумен бірге, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қызмет, бизнес сияқты барлық салада өте белсенді. Соған сәйкес, қоғамда әйел азаматтардың рөлі айтарлықтай арта түсті. Осы ретте тәуелсіз Қазақ елінің жеңістері мен жетістіктеріне әйелдердің де сіңірген еңбегі орасан зор екенін ерекше атап өткім келеді.

Бүгінгі мейраммен құттықтай отырып, баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларыңызға амандық тілеймін! Әрдайым көктемдей құлпырып жүре беріңіздер. Мереке құтты болсын!

 

Соңғы жаңалықтар

Сөздің жеті бояуы

Таным • Кеше

Оразаның әр сәті сауап

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар