Аймақтар • 08 Наурыз, 2021

Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов әйелдер қауымын 8-наурыз мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкент қаласының әкімі әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

"Ардақты аналар,
ақ жаулықты әжелер мен аяулы арулар!

Сіздерді жыл басы көктеммен бірге келген айшықты мереке – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Өздеріңізге деген ыстық ықылас пен өлшеусіз құрметті қабыл алыңыздар.

Әдеміліктің символы болған әйел – әлемнің тірегі. Мейірімділік шуағы Анадан тарайды. Жер бетіндегі тіршілік атаулы Сіздерден бастау алып, отбасының берекесі, ұрпақ тәрбиешісі болып отырсыздар.
Ананың жүрегінен тараған мейірім мен шапағат, ақыл мен даналық бізге үлкен жігер сыйлайды.

Жүздері күннің шуағындай жылы, тұла бойына сұлулық тұнған аруларымыз – Тәуелсіздігіміздің 30 жылы ішінде барлық салаларда жемісті еңбек етіп, төл қаламыз Шымкенттің дамуына өзіндік үлес қосып келеді. Біз Сіздермен мақтанамыз. Біз Сіздермен биікпіз! Олай дейтінім, біздің Шымқаланың қыз-келіншектері қай жағынан да мықты, мәртебелі!

Құрметті аналар, сүйкімді әпке-қарындастар,
аяулы ханымдар!

Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге баянды бақ, берекелі ғұмыр, отбасыларыңызға шаттық пен қуаныш тілеймін!", деді өңір басшысы.