Ел құрамасы бүгінде Алматы қаласында орналасқан «Достық» спорт кешенінде шеберліктерін шыңдап жатыр.
Кезекті оқу-жаттығу жиынының мақсаты - олимпиадаға іріктеу жарысында жақсы нәтижеге қол жеткізу. Аталған жаттығу жиынына ұлттық құрама сапынан 22 спортшы қатысып жатыр. Жаттығу жиыны 15 наурызға дейін созылады.
Айта кетейік, іріктеу жарысы 19-21 наурыз аралығында Венгрияда өтеді.