Қоғам • 09 Наурыз, 2021

Елімізде бір апта ішінде 3 371 қылмыс тіркелді

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бір апта ішінде елімізде 3 371 қылмыс жасалды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Елімізде бір апта ішінде 3 371 қылмыс тіркелді

«Бір апта ішінде 3 371 қылмыс жасалды. Оның 2 145-і тәулік ішінде ашылды», деді Нұрділдә Ораз. Ресми өкілдің атап өтуінше, полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 10 кісі өлтіру қылмысын ашқан. «Сондай-ақ 10 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 5 қарақшылық, 39 тонау және 489 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деді ол.

Нұрділдә Ораз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ерекше көзге түскен әйел қызметкерлерді арнайы құттықтағанын да атап өтті.

«Айта кету керек, қыз-келіншектер Ішкі істер органдарының барлық бөлімшелерінде, соның ішінде қылмыстық полиция, тергеу, қоғамдық қауіпсіздік сияқты жетекші бөлімдерде қызмет атқарады. Бүгінгі таңда полиция қатарында 11 мыңға жуық әйел қызмет етеді, олардың 580-і басшылар», деді ресми өкіл.