Тағайындау • 09 Наурыз, 2021

Қарағанды облысында басқарма басшысы тағайындалды

907 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып Абзал Жайлыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды облысында басқарма басшысы тағайындалды

Абзал Әліпұлы Жайлыбаев 1982 жылы Қарағанды облысындағы Жаңаарқа ауданының Атасу кентінде дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Жаңаарқа ауданы бойынша салық комитетінде бастады. Жаңаарқа ауданының қаржы бөлімін басқарған. Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының басшысы болды.

Одан кейін Қарағанды облысы әкімінің аппаратында еңбек етті: бас инспектордан аппарат басшысының орынбасарына дейінгі қызметтік сатыдан өтті.

2019 жылдың маусымынан бастап осы тағайындауға дейін Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет етті.