Евдокия Александровна екі жыл бойы жарықпен ауырған. Соңғы уақытта жағдайы нашарлай түскен кейуана 2 наурыз күні Жедел медициналық жәрдем қызметінің көлігімен №4 қалалық ауруханасына жеткізіледі.
«Сырқат 1920 жылы дүниеге келген. Іш құрылысының ауыратынына шағымданған. Дәрігерлер тексеруінен белгілі болғаны: кіндік грыжасының түйілуі. Науқастың денсаулығы ауыр болған. Хирургиялық көмексіз сырқаттың жағдайы түзелмес еді. Дәрігерлер жедел шешім қабылдап, ота жасады. Ота 30 минутқа созылып, сәтті аяқталды. 101 жастағы Евдокия Александровна отаға шыдай алды» – деп №4 қалалық ауруханасында хирургы Марлен Дайрабаев.
Евдокия Александровнаның сауығып кетуі үшін операциялық бригада тік тұрып еңбек етті. Өйткені, дәрігерлер үшін ота столындағы бір ғасырлық ғұмыры, тарихы бар науқасты ажалжан аман алып қалу – үлкен жауапкершілік. Асқынған сырқатынан құлан-таза айыққан Евдокия Александровна аман-есен отбасына оралды.
№4 қалалық ауруханасының хирургы – Райымханов Айдар Дүйсенұлы және анестезиологы – Елібаев Ғалым Карлұлы.
Алдағы 14 наурызда кейуана 101 жасқа толады. Ауруханадан оны жақын адамдар қарсы алады, Евдокия Александровна Астана және Алматы Епархиясы Ақжар поселкесіндегі жергілікті «Приход храм Пресвятой Богородицы» провославтық діни бірлестігі жанындағы қарттарға арналған үйде тұрады.
«Біз №4 қалалық ауруханасының дәрігерілеріне өте ризамыз, себебі кейуанаға екінші рет өмір сүруге мүмкіндік берді. Евдокия Александровна үйде жатып қайтыс болып кетуі мүмкін болғандықтан, жедел жәрдем қызметін шақырдық, жасы туралы тіптен, әңгімеде болған жоқ. Әжей Қырғызстанның тумасы, екі жыл бұрын осы пансионатқа келген болатын. Оның есте сақтау қабілеті өте жақсы, 100-ден астам әндерді, өлеңдер жатқа айтады. Пансионатта 20 қарт бар, барлығына бірдей барынша мейірім мен сүйіспеншілікпен қараймыз. Дәрігерлерге шын жүректен алғысымызды айтамыз. Өйткені, білгір медицина мамандарының арқасында Евдокия Александровна 101 жасын атап өтеді» – дейді шіркеу қызметкері Ольга Бражникова.