Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта «Asyq» мобильдік қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізіп жатыр. Олардың ішінде 10 кафе мен мейрамхана иелері, 15 фитнес-орталығы, СПА және бассейн өкілдері бар. Төрт боулинг орталығы және 33 компьютерлік клубтың басшылары ноу-хауға қосылғысы келтіндіктерін айтты. Сәдуақас Байғабұлов қосымшаның елдегі эпидемиялық жағдайды бақылау мақсатында әзірленгенін хабарлады. Оның көмегімен қоғамдық орындарға кіру кезінде келушінің статусын анықталатын болады.
Қосымша жұмысының мәні – пилоттық жобаға қатысуға шешім қабылдаған әрбір кәсіпкерлік субъектісіне жеке QR-код беріледі. Келушілер қосымшаны жүктеп алады және QR-кодты сканерлеген кезде үй-жайға кіре берісте олардың статусы инфекцияның тасымалдаушысы ретіндегі қауіптілік деңгейі бойынша анықталады.
– «Ashyq» қосымшасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстанның бизнес-қоғамдастығының бастамасы бизнеске көмектесу және санитариялық нормаларды бұзбау үшін құрылған, – деді Сәдуақас Байғабұлов.
Санитарлық дәрігердің айтуынша, бұл мобильді қосымшамен келушілердің жұқтыру қаупі аз болады.