eadaily.com
Бұл туралы Жедел медициналық көмек көрсету орталығының Facebook-тегі парақшасында хабарланды.
Оқиға 8 наурыз күні Острог қаласында болған. Бүлдіршіннің анасы баласының арбада қозғалыссыз жатқанын көрген, ал нәрестенің бетінде мысық ұйықтап жатқан.
Жедел жәрдем қызметі реанимациялық іс-шаралар жасағанымен, одан еш нәтиже болмаған. Аудандық аурухананың дәрігерлері де баланың өлімін растаған.
Қайғылы жайт туралы полицияға хабарланған.