Әлеуметтік желіде таралған видеодан жол шетінде тұрған қыздың жаяу жүргінші жолағына жүгіріп шыққанын көруге болады. Тежегішті басып үлгермеген автобус қызды қағып кеткен.
«Оқиға бүгін таңғы 8:30-да Жетісу ауданында болған. «Лиаз» автобусының жүргізушісі Ә.Жангелдин көшесімен солтүстікке бағытта келе жатып 18 жастағы бойжеткенді қағып кетті. Қыз жаяу жүргіншілер жолымен өтпек болған. Бойжеткен оқиға орнынан облыстық ауруханаға жеткізілді. Аталған деректі қазір Жетісу аудандық ПБ тексеріп жатыр», делінген хабарламада.