Әлем • 10 Наурыз, 2021

Нью-Йоркте түрікмен белсенділері наразылық акциясын өткізді

124 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

6 наурызда түрікмен белсенділері Нью-Йорктегі Times Square  алаңында наразылық акциясын өткізіп, ел билігінен әділ сот төрелігін сұрады және 14 жасар спортшы Сүлейман Тұрсынбаевтың өліміне кінәлілерді жазалауды талап етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нью-Йоркте түрікмен белсенділері наразылық акциясын өткізді

Акцияға қатысушылар кәсіби спортшыларға әлеуметтік желілерде осы оқиға туралы үнсіз қалмауын сұрады. 

Наразы топтың видеосы оппозициялық саясаткер Халмурад Сойуновтың Youtube каналында жарияланды. 

Бұған дейін бұл акцияны 19 ақпанда Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінің алдында өткізу жоспарланған болатын, бірақ ауа райының қолайсыздығы мен қалың қардың салдарынан іс-шара тоқтатылды. 

Естеріңізде болса, 15 ақпанда 14 жасар түрікмен дзюдошысы Сүлеймен Тұрсынбаев ауыр соққы салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. 

Биылғы жылдың ақпан айының басында Сүлейман Бахарденде өткен дзюдодан жарыста бақ сынаған. Шешуші жекпе-жектің алдында оған қарсыласы - Түркіменстан ішкі істер министрлігі жоғары оқу орнының жас курсанты жеңілуін сұраған. Алайда, Сүлейман жекпе-жекте жеңіске жетіп, өз салмағында чемпион атанады.

Турнир аяқталғаннан кейін бірден белгісіз біреулер жеңімпаз жігіттің жаттықтырушысын ұрып-соққан. Ал Сүлейман Тұрсынбаевты белгісіз бағытқа алып кеткен. Соққыға жығылған Сүлейменді  өтіп бара жатқан адамдар көріп, жедел-жәрдем шақырған. Олар оны Ашхабадтағы ауруханалардың біріне апарады. Бірақ дәрігерлер Сүлейменге көмектесуден бас тартып, астанадан 500 шақырым жердегі  тұрғылықты мекен жайына жеткізген. Жас жігіт аудандық ауруханаға түскен соң, бірнеше күннен кейін қайтыс болды. 

Көз жұмған баланың ата-анасы оппозициялық саясаткер Халмурад Сойуновтың Youtube каналы арқылы президент Гурбангулы Бердімұхамедовке өтініш білдіріп, істі тергеуді және кінәлілерді жазалауды cұраған болатын.