Парламент • 10 Наурыз, 2021

Бейбіт Атамқұлов Мәжіліске қандай заң жобасын ұсынды

10 рет көрсетілді

Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Мәжіліс қарауына «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсынды.

Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бәсекелестік артықшылықтарын құруға, Одақ шеңберінде бағалы металдар мен тастардың еркін айналымы үшін жағдай жасауға, сондай-ақ осы салада тиімді шаралар әзірлеу үшін өзара іс-қимыл жасауға бағдарланған өзара тиімді сауда-экономикалық тетіктерді қалыптастыруға бағытталған.

Келісім 18 баптан тұрады және:

- бағалы металдармен, өңделмеген асыл тастармен мәмілелерді жүзеге асыру;

- Кимберлий процесінің талаптарына сәйкес мүше мемлекеттер арасында өңделмеген табиғи алмастардың тасымалдануы;

- мәмілелер жасау және асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларын анықтау;

- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерде түзілетін сынықтар мен қалдықтарды жинау және міндетті есепке алу;

- ЕАЭО ішінде әкелінген немесе өндірілген зергерлік және басқа да бұйымдарды сынамалау, талдау және таңбалау;

- заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілер және уәкілетті органдар арасындағы сынамалық таңбалар бедерлерінің үлгілері туралы ақпарат алмасу;

- бағалы металдар мен асыл тастардың заңсыз айналымы үшін жауапкершілік шараларын қолдану.

Келісімде зергерлік бұйымдармен өзара саудада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің сынамалық таңбаларын өзара тану бекітіледі. Егер зергерлік бұйым Қазақстан аумағында дайындалса және сынақтан өткізілсе, бұл бұйымды Одақ елдерінде өткізу кезінде қайта сынамалау талап етілмейді.

Сондай-ақ, Келісім ұлттық және мемлекетаралық сапа стандарттарының талаптарын мойындайды және қатысушы мемлекеттерде өндірілетін алтынды сатып алуға басым құқығын бекітеді.

Жалпы, Келісім нормалары ЕАЭО елдері аумағында бағалы металдармен және тастармен операциялардың толық есебін жүргізуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде бағалы металдармен және асыл тастармен операцияларды жүзеге асыру ерекшеліктері туралы келісімге ЕАЭО-ға қатысушы елдер 2019 жылғы 22 қарашада Мәскеуде қол қойды.

Бүгінгі таңда Беларусь пен Ресей Келісімнің күшіне ену шараларын аяқтады. Армения мен Қырғызстанда жоба Парламенттерінің қарауында жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар

Белградта белдеседі

Спорт • Бүгін, 09:06

Жапонияда сынға түседі

Спорт • Бүгін, 09:03

Ең бастысы – азаматтардың сенімі

Қазақстан • Бүгін, 08:43

Smart Zholy жеңімпаздары анықталды

Қазақстан • Бүгін, 08:36

Құнды қағазға қызығатындар көп

Экономика • Бүгін, 08:32

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар