Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мен Қырғыз Республикасының Мəдениет, ақпарат, спорт жəне жастар саясаты министрі Қайрат Иманалиевпен кездеседі.
Осыдан кейін министр біртуар жазушы Шыңғыс Айтматов 32 жыл тұрған музей-үйге және 2000 жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мақсатында салынған «Ата-Бейит» кешеніне, «Супара» этно-кешеніне, Қырғыз Ұлттық консерваториясына барады.
Сонымен қатар Қазақстан делегациясының өкілі жыршы, еліміздегі жалғыз манасшы, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік «Достық» орденінің иегері Баянғали Әлімжанов, Аслан Ғафуров, Роза Әлқожа, Жеңіс Сейдуллаұлы «Маданият-Тарых-Тил» телеарнасында тікелей эфирде бағдарламаға қатысады.
Сондай-ақ екі елдің делегациясы Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз Ұлттық академиялық опера және балет театрында ұлы ақын, әлемдік деңгейдегі ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға қатысады.