Қазақстан • 10 Наурыз, 2021

Қорғаныс министрі орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына сабақ берді

31 рет көрсетілді

Қорғаныс министрлігінде орталық мемлекеттік органдары басшыларының орынбасарларымен сабақ өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттің қорғаныс қабілеті жүйесін жоспарлау және дамыту жөніндегі тұрақты жұмыс шеңберінде әскери ведомство министрліктер мен ведомстволардың лауазымды тұлғалары үшін мамандандырылған оқыту курсын ұйымдастырды.

Курсты Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев әскери қауіпсіздіктің қазіргі заманғы қауіп-қатерлері аясында Қарулы Күштерді дамытудың негізгі бағыттары туралы лекциямен ашты.

Сабақ барысында еліміздің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету бойынша әрбір министрлік пен ведомствоның өкілеттері мен құзыреттерін қарауға баса назар аударылды. Әскери ведомствоның басшысы қорғаныс саласындағы орталық атқарушы органдардың функциялары регламенттелген қолданыстағы заңнаманың ережелеріне нақты тоқталды.

– Әскери және әскери емес әр түрлі сипаттағы тәуекелдер жағдайында мемлекеттік тетік бірыңғай тұтастық ретінде үйлесімді әрекет етуге тиіс, – деп атап өтті генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев.

Дәріс соңында орталық мемлекеттік органдардың әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимылының тәжірибе жүзіндегі аспектілері талқыланды.

Үш күнге созылатын курс сабақтары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің базасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Белградта белдеседі

Спорт • Бүгін, 09:06

Жапонияда сынға түседі

Спорт • Бүгін, 09:03

Ең бастысы – азаматтардың сенімі

Қазақстан • Бүгін, 08:43

Smart Zholy жеңімпаздары анықталды

Қазақстан • Бүгін, 08:36

Құнды қағазға қызығатындар көп

Экономика • Бүгін, 08:32

Асыл ағаның шарапаты

Руханият • Бүгін, 00:08

Құймақұлақ

Руханият • Кеше

Газ бағасы неге қымбат?

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар