Павлодар облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Еркімбек Аязбаевтың мәлімдеуінше, облыста көктемгі ҰБТ 15 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтеді. Тестілеу облыстың 3 қаласында жүргізіледі.
Павлодар қаласында 1985 түлек Толстой көшесі, 99 мекенжайында тапсырады. Екібастұз қаласында 1050 оқушы Энергетиктер көшесі, 54 А мекенжайында, Ақсу қаласында 323 оқушы Әуезов көшесі, 6 мекенжайында ҰБТ тапсырмақ.
– Тестілеу электронды форматта өтеді. Бұрынғыдай қағазды бояуға уақыт кетірмейді. Оған қоса, бұрын бір жауапты бояп тастасаң, қайтадан өзгерте алмайтын. Енді тестілеуді аяқтамай тұрып оқушы өз жауабын өзгерте алады. Сұрақтардың мазмұны бұрынғыдай. Берілетін уақыт та сол қалпы қалды, – деді Еркімбек Аязбаев.
Айта кетейік, көктемгі ҰБТ-ны тапсыру үші ақы төленеді. Сондай-ақ түлектер көктемгі тестілеудің жауабымен жоғарғы оқу орындарына ақылы білім алуға түсе алады.