Қоғам • 10 Наурыз, 2021

Қазақстан елшілігі Юрий Гагариннің туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшілігі Юрий Гагариннің туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараға Загреб мэриясының өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, жазушылар мен ақындар, дипломаттар мен журналистер жиналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан елшілігі Юрий Гагариннің туған күніне орай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Рәсімде сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаев әлемдік өркениеттің дамуындағы жаңа дәуірді ашқан Юрий Гагариннің ерлігінің тарихи маңыздылығын атап өтті. Дипломат адамның ғарышқа алғашқы ұшуы Қазақстан жерінен жасалғанына отандастырының ерекше мақтаныш сезімін ерекше атап өтті.

Былтыр 65 жылдық мерейтойын атап өткен Байқоңыр ғарыш айлағы адамзаттың ғарыш кеңістігін игеруінің жаһандық нышанына айналғаны атап өтілді. Сондай-ақ, Қазақстандағы алғашқы ғарыш айлағы БҰҰ Бас Ассамблеясы Адамның ғарышқа ұшуының халықаралық күні деп жариялаған 12 сәуірді салтанатты түрде атап өтуге дайындалуда. Сөз соңында Елші Юрий Гагариннің ғарышқа ұшуына арналған Олжас Сүлейменовтің «Жер, адамға тағзым» атты атақты поэмасының қанатты сөздерін келтірді.

Рәсім барысында сондай-ақ Ресей елшісі Андрей Нестеренко, атақты хорват ақыны және жазушысы Энвер Кишевич, Загреб қаласының бірқатар қалалық және қоғамдық ұйымдарының басшылары, студенттер мен оқушылар да құттықтау сөз сөйледі. Мәдени іс-шара гүл шоқтарын қоюмен және адамзаттың құпия арманының символы ретінде аспанға әуе шарларын ұшырумен аяқталды.