Жаңа қаулы бойынша ойын-сауық іс-шараларын, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шаралары (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу қарастырылған. «Наурызды» және басқа да мерекелік корпоративтерді жаппай мерекелеуді ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады;
Қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады. Бұл боулинг орталықтары, компьютерлік клубтар («Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караоке, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер, лото және ойын клубтары, жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда, мұз және роликті мұз айдындары;
Күндізгі режимде кеңестер (отырыстар) өткізуге тыйым салынады;
Қаулы 2021 жылғы 13 наурызда күшіне енеді.