Соның ішінде Жамбыл ауданы Майбалық ауылынан жағдайы ауырлап кеткен қарт ана шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Дүлей борандардан кейін жабылып қалған жолдарды аршуға «Атамекен – Агро» ЖШС қуатты К-701 тракторы кірісті. «Нива» автокөлігімен шыққан аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Сейілбек Смайылов бастаған құтқару тобы 2 сағат ішінде ауылға жетіп, келесі күні ғана әйелді аудандық ауруханаға жеткізе алды. Қазір ол өзін жақсы сезінеді, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Келесі күні осы құтқару тобы аудан орталығынан 47 км жерде орналасқан Сәбит ауылынан 2 әйелді көп қиыншылықтармен ауруханаға жеткізді.
Осындай қарекет Ақжар ауданы Талшық аудан орталығының ТЖ бөлімнде де болды. № 8 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері 25 жастағы босанатын әйелді 77 шақырым қашықтықтан алып келіп, аудандық ауруханаға табыс етті. Қазір Айжан есімді құтқарылған әйелдің жағдайы тұрақты. Ол қиын сәттен өзін алып шыққандарға алғысын білдіруде.
Солтүстік Қазақстан облысы