Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Жаңа құрылғы ойлап тапты

506 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары ауаның лас­тану деңгейін өлшейтін және ауа сапасын нақты уақыт режімінде тексеретін жаңа құрылғы ойлап тапты.

Жаңа құрылғы ойлап тапты

«Механика және матема­тика» ҒЗИ жанындағы компью­терлік ғылымдар зертханасында индустриялық серіктесі «Digital Alem» ЖШС-мен бірлесіп бірегей құрылғы жасалды. Жас ғалымдар жаңа жобамен бір жарым жылдай уақыт айналысып, өздерінің экологиялық мониторинг жүйесін көпшілікке ұсынды. Ноу-хау – бұл ауаның ластану деңгейін анықтайтын, пайдаланушының телефонына Bluetooth арқылы қосылатын және деректерді серверге жібе­ретін шағын құрылғы. Бұл құ­рылғы адамның орналасқан жерін де анықтай алады. Оның салмағы 150 грамм, батареямен жұмыс істейді және оны желі арқылы қуаттауға болады.

Магистранттардың алдын­ ала есептеулері бойынша құрыл­­ғының өзіндік құны 30 мың теңгеден асады. «Біз дайын­даған модульдер түрлі датчиктердің көмегімен ауа алуды жүзеге асырады және деректерді GSM/GPRS таратқыш арқылы серверге жібереді. Сервер деректерді құрылымдалған дерекқор ретін­де сақтайды. Олар картада­ғы қаланың экологиялық көріні­сін білуге, ластану динамикасын анықтауға және әртүрлі фак­торларды ескере отырып, одан әрі өзгерістер туралы болжам жасауға мүмкіндік беретін математикалық модельдермен өңделеді», дейді компьютерлік ғылымдар зертханасының мең­герушісі Еділ Нұрахов.

Жас ғалымдар Алматыда ластану деңгейі өте жоғары кезең­де жаңа өнертабыстың қа­­жетті де өзекті екенін атап­ өтті. Қала тұрғындары мен биз­нес өкілдері тарапынан бұл құ­­рылғы өз тұтынушысын та­ба­ды. Тұрғындар портативті құ­рыл­ғының көмегімен қала ғи­мараттарындағы, аулаларын­дағы немесе аудандарындағы экологиялық жағдайды анықтай алады, ал кәсіпкерлер эко-өнім­дердің тізімін жасау үшін биз­нестің бағыттарын таңдай алады.

Жаңа құрылғыны жасаушылар Smatr Сity тұжы­рым­дамасы аясында жаңа құрылғыны қолдана отырып, қаланың экологиясын сақ­таудың тиімді құралын жасауға болатынын атап өтті.

 

АЛМАТЫ