Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Тағы да қаржы пирамидасы: Ақтөбелік үш азамат ұсталды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы пирамидасын құрған ақтөбелік үш азамат анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Тағы да қаржы пирамидасы: Ақтөбелік үш азамат ұсталды

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы қазіргі уақытта қылмыстық іс-материалдарымен танысу сатысында тұрған «Home Avto Invest» ЖШС қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс жүргізуді аяқтады.

2019 жылғы қарашадан бастап 2020 жылғы ақпанға дейінгі уақыт кезеңінде Ақтөбе қаласының үш тұрғыны Ақтөбе, Атырау және Ақтау қалаларының аумағында «Home Avto Invest» ЖШС қаржы пирамидасын құрып, онда сыйақы төлеу түрінде жоғарыда көрсетілген қалалардың тұрғындарының ақшасын иемденген, бұдан басқа төлемді бөліп-бөліп төлейтін автокөлік пен жылжымайтын мүлікті де қабылдаған.