Үкімет • 11 Наурыз, 2021

Бюджет қаражатын игере алмаған қай әкімдіктер?

236 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады.

Бюджет қаражатын игере алмаған қай әкімдіктер?

«Мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 97,3, республикалық бюджеттің шығыстары – 99, жергілікті бюджеттердің шығыстары 94,5 пайызға атқарылды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 2 трлн 510 млрд теңгеге шығыстар жүргізілді. Атқарылмау 25 млрд теңгені құрады. Оның ішінде 13 млрд теңге - үнемдеу. Игерілмегені - 12 млрд. теңге», деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанындағы республикалық бюджеттің орындалуы жайында баяндаған министр.

Оның дерегінше, игерілмеген неғұрлым ірі сома Қорғаныс, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Денсаулық сақтау, Әдiлет және Мәдениет және спорт министрліктерінде қалыптасып отыр.

«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ уақыт өткізу және уақтылы өткізбеу, төлем жөніндегі құжаттарды ұзақ келісу, орындалған жұмыстар актілерін уақтылы ұсынбау, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу, шарттар мен қосымша келісімдерді қазынашылық органдарына тіркеуге кеш ұсыну», деді ол.

Сонымен қатар министр дерегінше, жергілікті бюджеттердің шығыстары 853 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны - 49 млрд теңге.

«Осы жылы өңірлерге 1,9 трлн теңге сомасында нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға дейін 211 млрд теңге бөлінген. Оның 95,1 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 10 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 9 млрд теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеу Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан қаласында, Түркістан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қалыптасты», деді Ерұлан Жамаубаев.