Медицина • 11 Наурыз, 2021

Екі айда фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі артқан

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бейбіт Атамқұлов фармацевтика өсіміне не себеп болғанын атады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Екі айда фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі артқан

«Фармацевтика өнеркәсібінде өндіріс көлемі 9,2 пайызға артты. Шығарылатын өнім көлемі «Химфарм» акционерлік қоғамында 3 есе және «Нобел Алматы фармацевтикалық фабрикасында» 27 пайызға ұлғайды. Саладағы өсім негізінен халықтың дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға деген сұранысының артуы есебінен болды», деді 2021 жылдың қаңтар-ақпанында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында баяндаған министр.

Оның дерегінше, жеңіл өнеркәсіпте өндіріс 3,5 пайыз өсті. Оған киімнің және былғары өнімдердің ұлғаюы әсер етті.

«Дезинфекциялық құралдар мен минералдық тыңайтқыштарға сұраныстың артуы химия өнеркәсібінің өндіріс көлемін арттырды. Өсім 14,1 пайыз құрады. Құрылыс материалдары өндірісі 122,9 пайыз болды. Оған портланд-цемент, гипс өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді», деді министр.