Қазақстан • 11 Наурыз, 2021

Қазақстанның Әуе қорғанысы жаңа оқу-жауынгерлік ұшақтарымен толықты

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Балқаш қаласындағы Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің оқу-авиациялық орталығына L-39 оқу-жауынгерлік ұшақтары келді. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шарты шеңберінде өткен жылдың соңында олар өндіруші зауытқа жіберілді. Ол жерде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, модернизациядан өтті.

Қазақстанның Әуе қорғанысы жаңа оқу-жауынгерлік ұшақтарымен толықты

Модернизация барысында ұшақтарға жаңа цифрлық авионика, катапульттау жүйелері, байланыс және объективті бақылау  құралдары орнатылды.

L-39 курсанттарды күндіз және түнде қарапайым және күрделі метеожағдайларда, ұшу техникасына бастапқы оқытуға, жауынгерлік қолдану элементтерін оқытуға, сондай-ақ оқу орындары мен әскери бөлімдердің ұшқыштар құрамын жаттықтыруға арналған.

Курсанттарға әуе кемесін меңгеруге тәжірибелі ұшқыш-нұсқаушылар көмектеседі.

– Жалпы алғанда L-39 ұшағымен ұшу, авиацияны меңгерудегі алғашқы қадам болып табылады. Әрбір курсант үшін жеке өзі ұшу – өте маңызды сәт. Бұл ол болашақта қарапайым, күрделі пилотаж жасау, бұлттарда, төмен биіктікте, жерүсті және әуе нысаналары бойынша жауынгерлік қолдануға ұшу сынды кезеңдерге қол жеткізе алады дегенді білдіреді, – деп атап өтті оқу-авиация орталығы командирінің орынбасары подполковник Мақсат Бұратаев.