Аймақтар • 11 Наурыз, 2021

Алматыдағы паркингте екі автокөлік жанып кетті

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында тұрғын үй паркингінде екі автокөлік жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы паркингте екі автокөлік жанып кетті

Видео әлеуметтік желіге тараған. Оқиға 11 наурыз сағат 6:30-да Брусиловский көшесіндегі «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешеніндегі паркингте болған.

«Өрттің қайдан шығып жатқанын өрт сөндірушілері телевизор арқылы тапты. Екі көліктің жанып жатқаны және жанындағы басқа автокөліктерге де қауіп төніп тұрғаны анықталған», дейді ТЖД мамандары.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, жер асты паркингінде газ-түтіннен қорғау бөлімінің екі жасағы жұмыс істеген. Сағат 07:09-да 6 шаршы метр аумақты шарпыған қызыл жалын ауыздықталды.

«Қасында тұрған автокөліктер өрттен аман. Өрт болған жерге 5 техника мен жеке құрамнан 18 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ», деді департамент мамандары.

Алматы ТЖД өрттің автокөлікті 2-3 минутта күлге айналдыратынын айтады. Сол себепті автокөліктерді арнайы техникалық қарау орталықтарында ғана электрқұрылғымен жабдықтау керектігін айтады. Сондай-ақ көлікте өрт сөндіру баллонының болуы шарт.