23 Сәуір, 2010

НАЗАРДА – ОРНЫҚТЫ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

549 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
21 сәуірде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша бірқатар кеңестер өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Қазақстан Республикасын орнықты дамыту жөніндегі кеңестің алтыншы отырысында  экология, еңбекті қорғау, өндіріс қауіпсіздігі және отандық инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды. Сол сияқты Орнықты даму жөніндегі кеңестің 2010 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандарды салу барысы қаралды.