Қоғам • 11 Наурыз, 2021

«ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясына айналды

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкіметтің қаулысы қабылданып, «Самұрық-Қазына» мен «ҚазМұнайГаз» арасында «ҚазТрансГазды» «Самұрық-Қазына» қорының сенімді басқаруына беру туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазТрансГаз» «Самұрық-Қазынаның» еншілес компаниясына айналды

«Осылайша, «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы газды тасымалдап қана қоймай, сонымен бірге газ және газбен жабдықтау саласындағы толыққанды ұлттық операторға айналады», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» қорының Басқарушылар кеңесінің отырысында Кеңес Төрағасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансГазды» «ҚазМұнайГаздан» «Самұрық-Қазына» қорына тікелей бағындыру міндетін қойған болатын.

Осы жылдың қаңтар айында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев газды барлау, өндіру және тасымалдау жөніндегі ұлттық оператор құруды тапсырды.