Жүзден жүйрік шыққандарға медальмен бірге, оны растайтын төсбелгі табысталды.
«Білімді жастар – біздің болашағымыз. Елбасымыз әрдайым жастарды қолдау мақсатында көптеген жобаларды іске асырып жатыр. Соның бірі – «Елбасы медалі». Бүгін жүлдегерлерді марапаттадық», деді «Nur Otan» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының орынбасары Баймұрат Жамбылов.
«Бұл жоба – тек қана мені емес, қазақстандық жастардың әлеуетін арттыруға және алға ұмтылуына мотивация береді», деді «Елбасы медалінің» иегері Амандық Сәлім.