Коронавирус • 11 Наурыз, 2021

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға тыйым салуды ұзартты

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуроодақ қоғамдастыққа мүше елдерден арнайы рұқсат алмай, өз аумағынан жаңа коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға салған тыйымды маусым айының соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Еgemen.kz

Еуроодақ коронавирусқа қарсы вакцинаны экспорттауға тыйым салуды ұзартты

Бұл туралы Еурокомиссияның (ЕК) жиналысында айтылды. «Бүгін комиссия COVID-19 вакциналарын экспорттаудың ашықтығы мен авторизациялау механизмінің жұмысын маусымның соңына дейін ұзартты», делінген Еуропалық комиссияның хабарламасында. Белгілі болғандай, бұл шешім «ЕО-ға вакциналардың кейбір жеткізілімдеріндегі тұрақты кідірістерге» байланысты.

Бұған дейін хабарланғандай, Еуроодақ елдерінде наурыз айының соңына дейін жеткізілуі ықтимал Pfizer/BioNTech компаниялары вакцинасының қосымша 4 млн дозасын алуға мүмкіндігі болады.