Ер адам таныс әйелдің үйінде жасырынып, спирттік ішімдіктер ішіп отырған кезінде ұсталды. Қазір ол уақытша қамау изоляторында. «Іздеудегі адам түрлі қылмыс жасағаны бірнеше рет істі болған. Оған Қылмыстық кодекстің 44-бабы - «Бас бостандығын шектеу» бойынша шартты жаза берілген, алайда ол жазаның талаптарын орындамай қашып кеткен. Енді жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады. Жыл басынан облыс аумағында 4 қылмыскерге іздеу жарияланды, оның 2-уі ұсталды. Бұдан бөлек Қазақстанның басқа өңірлері үшін 3 қылмыскерді ұстады, соншама РФ үшін де ұсталды», - деді СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Руслан Назаров.
СҚО полицейлері Қостанай облысының Рудный қаласында тонау жасағаны үшін сотталып, бас бостандығынан айрылған 39 жастағы тұрғын жазадан қашып кеткен екен. Оған рудныйлық полиция мемлекетаралық іздеу салады. Қашқын Петропал қаласының тумасы болғандықтан солтүстікқазақстандық полицейлер қылмыскердің жүруі мүмкін жерлерін мұқият тексерді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жүрген жері анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Серік Сәпиев басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 15:51
Атырау тұрғыны сиырдың өлексесінен Сібір жарасын жұқтырды
Денсаулық • Бүгін, 15:15
Ақтөбеде әйелі мен балаларын ұрып-соққан азамат сотталды
Қылмыс • Бүгін, 14:42
Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
Аймақтар • Бүгін, 14:08
Қазақстан халқы Жаңа жылда 4 күн демалады
Қоғам • Бүгін, 13:33
Қазақстан сейсмологтары бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:58