Еріктілер тобы полицейлермен және прокуратура қызметкерлерімен бірге Леденёво ауылына келді. Қатысушылар Леденево ауылындағы 178 үйдің әрқайсысында болып, ауылдықтарға алаяқтықтың кең тараған айла-амалдары туралы айтып берді, сондай-ақ профилактикалық кітапшалар таратты.
Соңғы кезде алаяқтықтың белең алған түрі – банктың қауіпсіздік қызметкері болып телефон соғу. Қаскөйлер есеп шоттарынан заңсыз аударымдардың жасалуына жол бермейміз деп құрбандарынан банк карталарының реквизиттерін сұрап алады. Сонымен қатар алдын ала төлем жасауды талап етумен тауарлар сату туралы жалған хабарландырулар кеңінен қолданады. Интернет арқылы заттарын сатып жатқан адамдарға қылмыскерлер өздерін сатып алушы ретінде таныстырып, WhatsApp арқылы жеткізу қызметі сайтына сілтеме жолдап, өтінімді растауын сұрайды. Шын мәнінде бұл сайттар – нағыз логистикалық компаниялардың сайттары сияқты ресімделген «телқосақтар». Онда енгізілген мәліметтер қылмыскерлердің олжасына айналады және ол арқылы құрбандарының есеп шоттарына қолдарын жеткізе алады. Қазір барлығы 150-ден астам алаяқтық тіркелді.