Қазақстан • 12 Наурыз, 2021

Қаптама түрлерін қайта өңдейтін зауыт салмақ

564 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ӨКМ Операторы аралас материалдардан жасалған қаптама қалдықтарын қайта өңдейтін зауыт салатын компанияны іріктеуге тендер жариялады. Кәсіпорынға қойылатын басты талап – зауыт қуаты кемінде 10 мың тонна аралас қаптаманы кәдеге жаратуға және құрамында целлюлоза бар материалдардан дайын өнімді шығару (кемінде 90%) керек.

Қаптама түрлерін  қайта өңдейтін зауыт салмақ

Тендерлік ұсыныстарға жо­баның сипаттамасы, егжей-тег­жейлі каль­ку­ляциясы мен ұсы­нылатын техно­логияның сипаттамасы қоса көр­сетілуі тиіс. Жоба құнының тең жартысын ӨКМ Операторы инвестициялайды. Өтінімдер 2021 жылдың 12 сәуіріне дейін қабылданады.

Аралас материалдардан жа­сал­ған қаптама қалдықтарын қайта өңдеу бойынша ал­ғашқы зауыттың құры­лысы Қа­зақ­станда кәдеге жарату са­ласын дамыту стратегиясының бір бөлігі болып саналады. Аралас қап­тама – негізін картон мате­риал құ­райтын сұйық тағамға арналған композициялық материалдан жасал­ған қаптама. Аталған қаптама ма­териалының құ­рамында 75% картон, 20% пластик, 5% алюминий болады. Қаптаманың 75% шамасын құнды ресурс болып саналатын қайта өң­деуге келетін целлюлоза құрайды.

Жыл сайын 20 мың тоннадан ас­там аралас қаптамадағы қалдықтар жи­­налады. Осы қап­тамадағы қал­дық­­тарды жи­­нау және қайта өңдеу бойын­ша кәсіпорындардың болмауына байланысты қазіргі уақытта қал­­дықтардың аталған түрінің барлық көлемі қоқыс полигондарында кө­мі­леді. Аралас қаптаманы қайта өң­деу бо­йын­ша бірінші нысанның құ­ры­лысы қазіргі жағдайды өз­гертуге мүмкіндік береді. ӨКМ Опе­раторы плас­тикалық қалдықтар мен түсті шыныны жинау және өңдеу бойын­ша инфрақұрылымды дамытуды жос­парлап отыр.

ӨКМ Операторы биыл қай­та өң­деу саласын қар­жы­ландырудың жа­ңа «EcoQolday» моделін іске қос­ты. «ЕсoQoldaý» жобасы қаптама қал­­дықтарын (макулатура, пластик, шы­ны) жинау, өңдеу, тасымалдау және кәдеге жарату бағытында жұ­мыс істеп жүрген кәсіпкерлер мен осы салаға жаңадан қосылатын кә­­сіп­керлерді қаржылай қол­дау­дың та­ма­ша мүмкіндігі. «EcoQolday» жо­басы іске қо­сылған сәттен бастап (2021 жыл­ғы 27 қаңтардан бастап) жү­йеде 6 352,9 тонна қайталама ши­­кізатты жинауға және қайта өңд­еуге өтінімдер пысықталды. Қо­­ры­­тынды бо­йынша 4720,70 тонна­ қай­­талама шикізат кәдеге жаратыл­ды.