Елорда • 12 Наурыз, 2021

Елордада коронавируспен ауырғандар саны күн сайын артып келеді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында коронавируспен ауырғандар саны күніне 70-тен 143 адамға дейін артып отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингіде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада коронавируспен ауырғандар саны күн сайын артып келеді

Бүгін елорда әкімдігінде елордадағы эпидемиологиялық жағдай және мектептердегі карантин шектеуіне қатысты брифинг өтті.

«Соңғы аптада ауырғандар санының өсуіне байланысты Нұр-Сұлтан қаласындағы COVID-19 инфекциясы тұрақсыз деп бағаланады. Тіркелгендер саны күніне 70-тен 143 адамға дейін артып отыр. Соңғы аптада сырқаттану деңгейі алдыңғы аптадан бастап 9,9%-ға жоғары. 10 мың тұрғынға шаққандағы қарқынды көрсеткіш 59,2%», дейді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова. Оның айтуынша,10 наурыздан бастап елорда «қызыл аймаққа» кірді.

«Коронавирус инфекциясы көбеюінің негізгі себебі – қала тұрғындарының карантин шараларын сақтамауы, көп жиналатын қоғамдық орындарға баруы, маска тағуды ескермеу, ауырған адамдармен жақын байланыста болғандардың режимді сақтамауы», дейді ол.