Коронавирустық инфекцияны таратпау, карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуын анықтау мақсатында ауданда мониторингтік топтар белсенді жұмыс істеуде.
«Жұқтыру қаупі жоғары орындар - қызметіне тыйым салынған мейрамханалар, клубтар, - деп хабарлады аудан әкімі А.Масабаев және қала тұрғындарын аса жауапкершілікпен қарауға және алдын алу шараларын сақтауға шақырды. - Ауданда адамдар көп жиналатын негізгі орындар, яғни қауіпті деп - Небо, Манана, Бла Бла, Артист (бұрынғы БХБ), Барвиха, Бармаглот, Синий фантомас, Танцы бары сияқты түнгі мекемелерді атауға болады. Мысалы, аталған түнгі клубтардың барлығы карантиндік шараларды бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды».
Бүгінгі күні аудандық Полиция басқармасынан Медеу ауданының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына 105 шұғыл хабарлама келіп түсті. 92 хаттама толтырылды, оның ішінде: заңды тұлғаларға 12,4 млн теңге сомасына-37; жеке тұлғаларға 2,4 млн теңге сомасына- 55.
Барлығы сотқа 16 материал жіберілді, оның ішінде 2021 жылдың басынан бері қабылданған шаралар – 8 нысан:
1. "Бармаглот" бары, Әл-Фараби даңғылы, 116/21 – 10.02.2021 ж. – 100 АЕК (277 800 тг) мөлшерінде әкімшілік хаттама және 1 айға қызметін тоқтату;
2. "Dreams Almaty" Лаундж-бары, Қайырбеков к – сі, 35а – 15.02.2021 ж. - 100 АЕК түрінде (277 800 тг)әкімшілік хаттама және 1 айға қызметі тоқтатылды.
3. "Пугасов" мейрамханасы, Абдуллиндер көшесі 70 – 16.02.2021 ж. - 100 АЕК көлемінде әкімшілік (277 800 тг) хаттама толтырылды және 1 айға қызметі тоқтатылды.
4. "Manana" мейрамханасы, Достық д-лы, 535-17.02.2021 ж.бастап қызметі 15 күнге тоқтатылды.
5. "Orda Game Center "компьютерлік клубы, Бәрібаев к-сі, 43-10.02.2021 ж күнінен бастап қызметін 30 күнге тоқтату;
6. Бильярд клубы, Абдуллиндер к-сі, 50-05.03.2021 жылдан бастап карантиндік шаралар алынғанға дейін қызметін тоқтату;
7. "Loto Club" Бинго – клубы, Гоголь к-сі, 2-05.03.2021 жылдан бастап карантиндік шаралар жойылғанға дейін қызметін тоқтата тұру;
8. "Loto Club "Бинго – клубы, Пушкин к-сі, 44/51-05.03.2021 жылдан бастап карантин шаралары алынып тасталғанға дейін қызметін тоқтату.
Соттың қарауында 8 материал бар.
Анықтама: мереке күндері анықталған бұзушылықтар:
А. ж. 6 наурызға қараған түні
1. "Чайла" мейрамханасы, Абай даңғылы, 17;
2. Караоке "Рыба моей мечты", Достық даңғылы, 91/2;
3. Ресто-бар" Небо", Достық даңғылы, 192/2;
4. "Барвиха" түнгі клубы, Құрманғазы көшесі, 25.
Әкімшілік шаралар қолдану үшін аудандық ПБ-не 18 адам жеткізілді
А. ж. 7 наурызға қараған түні
1. "More Smoke" Лаундж-бары, Уәлиханов к-сі, 43а;
2. "Шустов" бары, Назарбаев даңғылы, 124.
Әкімшілік шаралар қолдану үшін аудан ПБ-не 10 адам жеткізілді.
8 наурызға қараған түні
1. "Танцы" бары, Гоголь к-сі 73;
2. "Отырар" бильярд клубы, Гоголь к-сі, 73;
3. "Атмосфера" бары, Әл-Фараби даңғылы, 36;
4. Ресто-бар" Небо", Достық даңғылы, 192/2;
9 наурызға қараған түні
1. "More Smoke" Лаундж-бары, Уәлиханов к-сі, 43а;
2. Караоке "Рыба моей мечты", Достық даңғылы, 91/2;