Онкопациенттерде Covid-19 ауыр өтуі мүмкін, олардың коронавирустан қайтыс болу қаупі жоғары. Сол себепті олар үшін вакцина салдыру маңызды.
«Ковидтен онкологиялық науқастардың өлімі науқастың жағдайына, жасына байланысты 11-ден 35% - ға дейін құрайды. Науқастың жағдайына байланысты онкологиялық аурулары бар барлық пациентті вакциналау қажет. Иммуносупрессивті науқастарда иммунитет қалыптасуы қиын болуы мүмкін екенін ескерген жөн», деді Д.Қайдарова.
Оның айтуынша, шешім қабылдарда қауіптер, пациенттің жасы, жалпы жағдайы, қандағы лейкоцит пен нейтрофилдің деңгейі ескеріледі. Қазір вакцина екі рет салынатынын ескере отырып, онколог емдеуді бастау немесе жалғастыру мерзіміне қарай шешім қабылдауы керек. Әсіресе бұл енді ем бастаған науқастарға қатысты. Мұндайда вакцинацияны тек мРНҚ вакциналармен жүргізу керек. Хирургиялық емдеуге жіберілетін пациенттер операцияға дейін немесе одан кейін вакциналанады. Үлкен ісігі бар пациенттер мамандандырылған ем басталғанға дейін 2 апта бұрын (мүмкіндігінше) вакциналанады. Цитостатикалық ем қабылдайтын пациенттер қажет болған жағдайда ем аяқталғаннан кейін вакцина салдырады.