«Біз үшін маңызды мәселелердің бірі оқушылардың 20 наурызда басталып, 31 наурызға дейін созылатын көктемгі каникулды өткізу мәселесі болып саналады. Каникул «Қазақстан балалары – Көктемгі тамшы!» ұранымен өтеді», деді Білім басқармасының өкілі.
Сондай-ақ ол каникул кезінде оқушылардың пайдалы және белсенді қызметін ұйымдастыру үшін онлайн режимде өтетін іс-шаралар жоспары әзірленгенін айрықша атап өтті.
«Алдымызда мереке күндері, яғни балаларымыздың көктемгі каникулы келе жатыр. Барлықтарыңызға жақсы демалыс және жақсы көңілмен төртінші тоқсанда жалғастыруды тілеймін! Эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық нормаларды қатаң сақтауларыңызды сұраймын», деді ол.