Медицина • 12 Наурыз, 2021

Министр қазақстандық дәрігерлердің қанша жалақы алатынын айтты

959 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «Хабар» арнасына берген сұхбатында дәрігерлердің қанша жалақы алатынын айтты. Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер бір айда 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алып отыр, деп жазады Egemen.kz

Министр қазақстандық дәрігерлердің қанша жалақы алатынын айтты

«Өткен жылы медициналық қызметкерлерге 113 млрд теңгеден астам көлемде әлеуметтік төлем жасалды. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер 200-800 мың теңге көлемінде жалақы алады»,  дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цойдың айтуынша, былтыр дәрігерлердің жалақысы 30% артқан.