Президент • 12 Наурыз, 2021

Құтқарушы әйелге Президенттің Алғыс хаты тапсырылды

839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД ұзақ жылдар бойы қызмет етіп жүрген Евгения Трефилованың атына Президент Қ.Тоқаевтың атынан келген Алғыс хат тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Құтқарушы әйелге Президенттің Алғыс хаты тапсырылды

Онда Президент әйелді өткен мерекесімен құттықтап, деніне саулық, басына амандық тілеген екен.

Е.Трефилова азаматтық қорғаныс органдарында 25 жылдан артық қызмет істейді. Осы күні ТЖ министрі Ю.Ильиннің атынан Наталья Бигелдинова да Алғыс хат алды. Н.Бигелдинованың еңбек өтілі 12 жыл. Осы жылдар аралығында олар өз еңбектеріне адал болып, жүктелген міндетті абыроймен орындап келеді.