Аймақтар • 13 Наурыз, 2021

ТЖМ Алматыда апатқа ұшыраған ұшақта 4 адам қайтыс болғанын растады

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 17:25-те Алматы қаласы әуежайының диспетчерлік қызметіне сағат 17:22-де Нұр-Сұлтан – Алматы бағытындағы АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, Алматы әуежайының маңына апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ Алматыда апатқа ұшыраған ұшақта 4 адам қайтыс болғанын растады

Оқиға орнында Өрт сөндіру 11-бөлімінің (1,2) қызметкерлері, Республикалық жедел-құтқару отрядынан 9 адам, 1 техника, 1 кинологиялық қызметкер, сонымен қатар Алматының құтқару қызметінен 5 адам мен 1 техника жұмылдырылған.

Бұдан бөлек, оқиға орнында Ұшудың іздеу-апаттық қамтамасыз ету қызметінің 4 техникасы мен Алматы облысы Өрт сөндіру және құтқару қызметінің 2 техникасы бар.

Ұшақта шыққан өрт ауыздықталды. Сондай-ақ ол жерде Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жедел-құтқару жасағының 10 тобы жұмыс істеп жатыр. Расталған мәлімет бойынша, әскери ұшақ апатынан 4 адам қаза тауып, 2 адам Іле ауданындағы ауруханаға жеткізілді.