Аймақтар • 14 Наурыз, 2021

Жолдан шығып кеткен жүк көлігін үш техника зорға шығарды

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қара боранда жолдың шетін көрмей Шал ақын ауданының орталығындағы дүкендерге азық-түлік апара жатқан «Foton» жүк көлігі кюветке құлаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жолдан шығып кеткен жүк көлігін үш техника зорға шығарды

Көлікте жүргізушіден басқа экспедитор мен сауда өкілі болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Жүк көлігін патрульдік полиция экипажы жергілікті «Стимул» ЖШС қар тазалағыш, жүк тиегіш және тартқышымен зорға шығарып алды. «Foton»-ды жүктен босатуға тура келген, тек осыдан кейін ғана көлікті жолға шығару мүмкін болды.

«Көмектің жылдам көрсетілуін қамтамасыз еткендеріңізге алғысым шексіз», деп ризашылығын білдірді полицейлерге көлік жүргізушісі.

Ал Тайынша ауданында полицейлер жол жиегіне шығып кеткен, Көкшетаудан Түменге бет алған «DAF» ауыр жүк көлігін жолға шығару үшін «Қазавтожол» ЖШС жүгінді.

СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирі полиция подполковнигі Ерлан Мәдиев: «Құбылмалы ауа райы жүргізушілерге қиындық жасайды. Жолда аса сақ болуға, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жолдардың жабылғаны және ауа райының қолайсыздығы туралы ескертетін ТЖ қызметінің және полицияның хабарламаларын назардан тыс қалдырмаңыздар», деді.