Қазір қаламгердің скрипкасы кіндік қаны тамған Исатай ауданындағы музейде сақтаулы тұр. Музей қызметкері Әзиза Хамзинаның айтуынша, Мақсұт Неталиев 1956-1957 жылдары республикалық фестивальдарға қатысып, скрипкамен киелі сахнада өнерін көрсетіпті. Түрлі марапаттарға да ие болыпты.
– Ақын табиғаттың әсемдігіне, қоршаған ортаға ойлы көзбен қарап, әдемі де әсерлі сәттерді өлеңмен өрнектеп қана қойған жоқ. Қалам қуатымен бірге, қолынан тастамаған скрипканың сазды әуенімен тыңдаушысын еліте білген ғой. Қазір сол скрипкасы аудандық музейдің құнды жәдігерінің біріне айналды, – дейді Әзиза Хамзина.
Оның айтуынша, музейде ақынның бұдан өзге де бірнеше жәдігері бар. Соның бірі – үнемі өзімен бірге ала жүретін фотоаппараты.
Атырау облысы