Спорт • 15 Наурыз, 2021

Роналду Пеленің рекордын жаңартты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Италия чемпионатының кезекті турында Туриннің «Ювентусы» сырт алаңда «Кальяримен» кездесті. Бұл матч 3:1 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Роналду Пеленің рекордын жаңартты

«Ювентустың» сапында жасындай жарқырап жүрген Криштиану Роналду осы ойында қарсыластар қақпасын үш мәрте дәл көздеп, хет-трик авторы атанды. Бұл доптарды ол 10, 25 және 32 минуттарда қақпаға тоғытты. Осылайша, әйгілі португалиялық футболшы өзінің спорттық карьерасында соққан голдар санын 770-ке жеткізіп, даңқты Пеленің өзінен асып түсті. Аты аңызға айналған Бразилия ойыншысы 767 рет нысананы дәл көздеген.

Кездесу аяқталған бетте Роналду «Пеленің ғаламат ойыны, оның алға қойған мақсаты және қол жеткізген табыстары жайында әсерлі әңгімелерді естіп өспеген ойыншы жер жаһанда жоқ-ау, сірә. Мен де солардың бірімін. Сол себепті де Пеленің рекордын жаңартып, әлемнің сұрмерген шабуылшыларының көшін бастауға күш-қуатымның жеткеніне дәл қазір ерекше шаттанып тұрмын. Мен Мадейрада доп теуіп жүргенімде осындай орасан зор көрсеткішке қол жеткіземін деп еш ойлаған жоқ едім», деп Роналду ағынан жарылды.

Соңғы жаңалықтар