Білім • 15 Наурыз, 2021

Асхат Аймағамбетов мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілетінін айтты

584 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Асхат Аймағамбетов мектептер бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз қамтамасыз етілетінін айтты

«Орта білім беруде жаңартылған мазмұнға көшу аяқталды, 100 пайыз көштік. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық өңірде мектептерді бейнебақылау жүйесімен 100 пайыз, жылы әжетханалармен 99 пайыз қамтамасыз етілді», деді министр.

Министрдің айтуынша, орта білім беру жүйесінің негізгі проблемаларының бірі – ол қала және ауыл мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығы.

«Осы мәселені шешу жолдарын пысықтадық. Соның ішінде «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске қосып жатырмыз. Оның аясында мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттің мектеп кітапхана қорында айтарлықтай жаңарту міндеті тұр. Осы бағыттағы жұмыстарды биыл шешу керек. Сонымен қатар, кітапханашылардың жалақысын көтеру мәселесі де өте маңызды. Бұл бойынша тиісті тапсырманы Мемлекет басшысы жүктеген еді. Сондықтан осы жұмысты биыл жалғастырамыз», деді А.Аймағамбетов.